Тақырып: Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды
Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды
Қазақстан астанасында II Орталық Азия медиафорумы өз жұмысын бастады. Іс-шараға саясаткерлер, журналистер, медиа компаниялары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ беделді медиа сарапшылар қатысуда.
Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат жиналды.
Негізгі тақырыптар — Орталық Азиядағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін даму және ынтымақтастық нүктелерін іздеу, жаһандық медиа үрдістері, ақпараттық ландшафттың болашағы.
Форумда жасанды интеллект пен үлкен деректер дәуіріндегі цифрлық трансформацияға, сондай-ақ ел имиджін ілгерілетудегі әлеуметтік желілердің рөліне ерекше назар аударылды.