Тақырып: Алматыда ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері бас қосты
Алматыда ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері бас қосты
11 сәуір 2025
Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды
Мұрат Нұртілеу 2025 жыл Достастыққа қатысушы мемлекеттердің кеңесі Жеңістің 80 жылдығы белгісімен өтіп жатқанын жеткізді. Сұрапыл соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлік пен қаһарман үлгісін көрсетті.
Бұдан бөлек, «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі болады. Оның аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салаларында өңір елдерінің өзара іс-қимылы қаралмақ.