Тақырып: Шымкент Жеңістің 80 жылдығын атап өтті: естелік, фотосуреттер және соғыс жылдарындағы әндер
Шымкент Жеңістің 80 жылдығын атап өтті: естелік, фотосуреттер және соғыс жылдарындағы әндер
9 мамыр 2025
Қалада Ұлы Отан соғысына қатысқан екі-ақ адам қалды: Нина Егоровна Мосунова және Мұраталы Төлепбергенұлы. Салтанатты шараға тек Мұраталы Төлепбергенұлы ғана қатыса алды — бүгін ардагерге жүз жас толды. «Ұлы Жеңіс — ұрпақтар мұрасы» атты мереке Абай паркінде орналасқан «Даңқ» мемориалдық кешенінде басталды. Шымкентте орналасқан Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің оркестрі Әнұранды орындап, одан кейін бір минут үнсіздік жарияланды.