Тақырып: Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
12 сәуір 2025
Астана қаласындағы әскери авиациялық базада Қазақстанның алғашқы бітімгершілік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бір жыл бойы БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі (UNDOF) миссиясында қызмет атқарып келген контингентті Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері және қызметтестері құрметті қарауыл ротасының сүйемелдеуімен қарсы алды.