Тақырып: Астанада Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр
Астанада Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр
21 наур. 2025
Елордада 21-22 наурыз күндері қаланың алты ауданындағы барлық ашық алаңда, оның ішінде елді мекендерде Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.
Қалалық алаңда (елорда әкімдігі ғимаратының алдында), «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтері алаңдарында, «Астана Арена» стадионы мен ЭКСПО алаңының аумағында таңертеңнен бастап мерекелік әндер ойналып, қолөнер жәрмеңкелері ашылып, дәстүрлі тағамдар дайындалуда, сол сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып жатыр. Қатысушылар гір көтеру, қол күресі, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, қой көтеру, т.б. сынға түсіп жатыр.