Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс айтты - фото 1

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс айтты

11 наур. 2025

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордаға Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов ресми сапармен келді. Сапар аясында әзербайжандық министр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. — Өткен жылы 25 қазанда Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатында қазақ халқына іздеу шараларына жедел көмек көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасында ұлтаралық, тарихи, діни және сенімді, әрі берік қарым-қатынас орнаған. Бұл біздің стратегиялық серіктестігіміздің негізі. Қазақстан Республикасы Президентінің Әзербайжанға үш сапары және Әзербайжан Президентінің Қазақстанға екі сапары бұл екіжақты жоғары қарым-қатынастың көрінісі, — деді Джейхун Байрамов БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасай тұрып.

Кері қоңырау тапсырыс беру