Құтқарылған жануарлар үшін үй Бурабайда - фото 1

Құтқарылған жануарлар үшін үй Бурабайда

11 қаң. 2024

Бурабай кентіндегі зоосад 1976 жылы негізі қаланған және бүгінгі күнге дейін жыл бойы жұмыс істейді. Ол алғашқыда аңшы үйі ретінде ашылып, жараланған жануарлар мен құстарды қабылдаған. 

Қазіргі таңда зоосадта 30 түр жануарлар мен құстар бар. Қыста жылуды жақсы көретін жануарлар мен құстар арнайы қыстаққа орналастырылады, ал мамыр айында оларды вольерлерге және тоғандарға шығарады.

 «Біздің қызметкерлеріміз адамдардың қолынан зардап шеккен жануарларға қамқорлық жасайды. Әрбір зоосад тұрғынының өзіне арнайы тамақтану және күтім тәртібі бар» - Зоосад ветеринарлық дәрігері Ильдар Файзулин.

 Егер орманда жарақат алған жануарды байқасаңыз, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман бөліміне мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: 8(71636) 71 8 97, немесе Бурабай курортының call-center нөміріне +77010921405 қоңырау шалып, мамандарға көмек көрсетуін сұрауыңызға болады.

Кері қоңырау тапсырыс беру