#Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (ҚР МКҚ) — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган .
Құрылған жылы: 2014 жылғы 21 сәуір. Бұған дейінгі құрылымдар — ҚР Президентінің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан .
Негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Күзетілетін объектілер мен адамдарға төнетін қауіп-қатерлерді анықтау, алдын алу және бейтараптандыру
- Терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру;
- Мемлекеттік рәміздердің эталондарын күзету .
Ашу