Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі
26 қаз. 2022
2022 жылдың 26 қарашасы. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйектегі Жолдауында Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялаған болатын. Сайлау сыртқы саясаттағы геосаяси жағдайлармен тұспа-тұс келгендіктен Мемлекет басшысының жұмыс кестесі өте тығыз болды.