Бауырлас елдегі байрақты сапар» /Қырғызстан сапары

13 шіл. 2023

2022 жылдың 26 мамыры күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшыларының қатысуымен өткен екі күндік басқосуда ресми делегация мүшелері 13 құжатқа қол қойды.  Қазақстан – Қырғыз елінің негізгі сауда және инвестиция саласындағы серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі елдің президенттері сауда   көлемін жақын арада 2 миллиард долларға жеткізуге келісті.