Қар тоқтату – тиімді технология

14 шіл. 2023

Ғалымдар елімізде үшінші жыл қатарынан қуаңшылық болады деп болжап отыр. Жазда жауын-шашын аз болғандықтан, жерде тоң жоқ, топырақта ылғал аз. Биылғы қыста да қардың түсу көрсеткіші көптеген облыста нормадан төмен болды. Сондықтан, су  үнемдеу, топырақты ылғалдандыру үшін мамандар қар тоқтату технологиясына көшуді ұсынуда. Ол үшін еліміздің бірнеше өңірінде жауған қарды ұстап қалып, көктемде еріген суымен егістік пен шабындық жерді суаруға болады. Деректі фильмде қар тоқтатудың тиімділігі көрсетіліп, мамандар пікірі айтылады.