«Бақытты балалық»
14 шіл. 2023
2022 жыл – Балалар жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдық құттықтауында осы жылды балалар жылы деп жариялап, үкіметке бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай, мектеп оқушылары үшін тегін қосымша үйірмелер ашылып, жұмыс істеп жатыр. Десе де, атаулы жылда қандай жұмыстар атқарылуы тиіс, балаларға нақты не қажет? Ол жайында балалардың өздері не айтады? Аталған жайттар ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген деректі фильмінде қозғалады.