«Серт»

02 қаз. 2024

Президент телерадиокешені су тасқынының салдарын жою туралы «Серт» деректі фильмін дайындады.

Деректі фильмде Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қайта қалпына келтіру және келтірген шығынын өтеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалады.

Сондай-ақ кейінгі 80 жылдағы жойқын су тасқынынан кейін Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының келбеті қалай өзгергенін көресіз.