«Ұлттық құрылтай – ұлт мұраты»

14 шіл. 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Маусым айының 16 күні жаңадан құрылған Ұлытау облысына барып, Құрылтайдың алғашқы жұмысын ашып, бағыт-бағдарын түзген Президент Құрылтай мүшелерінің алдында тұрған негізгі міндеттерді көрсетті.