«Ел жақта»
02 шіл. 2024
Мемлекет басшысы ауыл халқының табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнес арқылы ел адамдары өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасын қарқынды түрде жүзеге асыруға тапсырма берген болатын.
ҚР Президентінің телерадиокешені аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көзімен көріп, мемлекеттен 2,5% несие алып, жеке кәсіппен айналысып жатқан азаматтардың еңбегімен танысу мақсатында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын аралап қайтты.