«Паутина»

11 маусым 2024

ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі адамзаттың шешілмейтін мәселелерінің бірі – нашақорлық пен есірткі қылмысына арналған. 

Осы жылы 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында есірткінің заңсыз айналымын аса ауыр қылмыс санатына теңестіруді ұсынған болатын. Өткен жылы 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі заттары тәркіленді.