«АПАТ»
22 сәуір 2024
Қазақстан өз ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған су тасқынына тап болды. Елдің алты аймағы, он мыңдаған адамдар, мыңдаған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар апаттың астында қалды. Алайда бұл жағдай су тасқынына қарсы тұрған қазақстандықтардың күшін біріктірді.
Мемлекет Басшысы зардап шеккен бірнеше өңірге барып, оқиғаның ауқымын жеке өзі бағалады, қазақстандықтарға қолдау білдіріп, Үкімет пен облыс басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.