«Өлім ошағы»
28 қар. 2023
Президенттің телерадиокешені «Өлім ошағы» деректі фильмін ұсынады. Фильмде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға баяндалады. Құрбандар саны бойынша ең ірі өндірістік апат болып табылады. Апаттың мән-жайын анықтау және шара қолдану үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барған болатын. Мемлекет басшысы бақилық болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, сонымен қоса Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды.