«Ликвидация»
28 қар. 2023
ҚР Президентінің телерадиокешені Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа органдардың көмегімен ұйымдасқан қылмыстық топты бейтараптандыру бойынша ауқымды арнайы операция жүргізгені туралы деректі фильмді ұсынады. Сонымен қатар, аталмыш операцияда ҰҚК және ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған болатын. Жаппай ұстау Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында өтті. Атап айтқанда, арнайы операция Қорғас пен Қордайда жүргізілді. Фильмде арнайы операциясына дайындық және оны тікелей жүзеге асыру процестерін көрсету жоспарлануда.