Шыңырау
15 қар. 2023
Қазір интернет арқылы «псевдоуағыз» жүргізіп, адамдардың миын улау әрекеті өте қатты жүріп жатыр. Соның салдарынан кейбір азаматтар арам пиғылды күштердің құрбанына айналып, лаңкестік әрекеттер жасауға дейін барады.
Түпсіз терең «Шыңырауға» түсіп кетіп, енді содан шыға алмай жүрген ондай адамдар біздің арамызда да жүрген болуы ықтимал.
Деректі фильмге елімізде лаңкестік әрекет жасамақ болған екі қылмыстық топтың оқиғасы сюжеттік желі болады. Сол арқылы жалпы терроризммен күрес тақырыбы ашылады.