Оңтүстік: Көне әрі құнды заттарға бай өңір
25 там. 2023
Шымкент қаласы мен Түркістан облысы көне де құнды жәдігерлерге бай. Мәселен, Шымкенттегі көне қалашықта орналасқан цитадельден археологтар өлкенің бай тарихын көрсететін көптеген жәдігерлерді тапты. Қазір цитадель ашық аспан астындағы мұражайға айналды. Түркістан облысындағы Күлтөбе ежелгі қалашық және археологиялық ескерткіш болып саналады. Күлтөбенің айналасы археологиялық саябаққа айналуда. Мұнда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар саз балшық пен әшекей бұйымдарын, зергерлік бұйымдарды тапты. Ал облыстағы Созақ, Отырар, Бәйдібек, Сайрам аумақтарынан табылған мол мұралар бүгінде мұражай қорында сақтаулы.