Қазақстанның үздік мобилографтары New York Film Academy-да тағылымдамадан өтеді
21 там. 2023
Алматыда бірінші республикалық «MOB FEST» мобилографиялық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды - олардың 20-сы Нью-Йорк кино өнері академиясында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры ұйымдастырған фестивальге 16 мен 40 жас аралығындағы 7524 қазақстандық мобилограф қатысты. Олар 1537 жұмыс ұсынды.