Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады
09 шіл. 2024
Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті, «ASPAN» Жарық дрон-шоуы өтті.
Ашық аспан астындағы мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ' OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетті.
Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Бұл - дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді.