ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі
30 сәуір 2024
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды.
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында өтетін іс-шараға Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қорғаныс министрлері, Үндістан Қорғаныс министрінің орынбасары қатысып отыр.
Сондай-ақ, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.