Астана - баршамызға ортақ баспана – Жапония елшісі
22 сәуір 2024
Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы сенбілікке қатысты.
Жапония елшілігінің өкілдері Кеңес одағы кезінде тұтқындалып, қаза тапқан жапондықтарға арналған ескерткіштің маңын жинастырды. Сонымен қатар, сенбілікке елорда тұрғындары да қосылды. Олар қайың, қарағай және басқа да ағаш түрлерінен 50 түп отырғызды. Жапонияның Қазақстандағы Елшісі тарих және мәдениет ескерткіштерін абаттандыру жұмыстары өте маңызды екенін атап өтті.