Атбасардағы су тасқыны - фото 1

Атбасардағы су тасқыны

15 сәуір 2024

Ақмола облысы Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланса да, тұрғындардың әбігерге түскені байқалмайды. Эвакуациялық пункттер де бос тұр. Себебі, жергілікті әкімдік жұртшылыққа су тасқыны қаупі бар екенін алдын ала ескерткен. Қарғын судың беті көріне бастағанда құжаттарын жинастырып қойған атбасарлықтар үйлерін тастап шыққан. Тіпті, кейбіреуі су тасқынын күтпей күні бұрын туыстарының үйлеріне уақытша қоныс аударған. Агенттік тілшілері аталған өңірге арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.