Алматы облысы: көпсалалы облыстық балалар ауруханасы
Облыстық балалар ауруханасы: Облыстық балалар ауруханасы 1981 жылы мамыр айында ашылды. Аурухана құрылысына қаражатты облыстық аурухананың жұмысшылары коммунистік сенбілікте жинаған. Аурухананың ашылуына Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қонаев Д.А. және Денсаулық сақтау министрі Шарманов Т.Ш. қатысты. Алғашқы бас дәрігер болып Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Жүнісханова Бану Жүнісханқызы тағайындалды. Облыстық балалар ауруханасы 200 төсек-орынға арналған. Ол 5 бөлімнен тұрды: пульмонология - 60 төсек-орын, хирургия - 60 төсек-орын, кардио-ревматология - 40 төсек-орын, нәрестелер патологиясы - 20 төсек-орын және жаңа туған нәрестелерді күту бөлімі - 20 төсек-орын.