Қазақстан суды рәсуа ету бойынша «көш бастап» тұр – Қанат Бозымбаев - фото 1

Қазақстан суды рәсуа ету бойынша «көш бастап» тұр – Қанат Бозымбаев

22 ақп. 2024

Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев «Global Water» атты су үнемдеу технологияларына арналған бірінші халықаралық форумда оңтүстік өңірлерге су үнемдеу технологияларын жылдамдатып енгізу керектігін айтты.

«Егер су мәселесіндегі ішкі қатерлер проблематикасы туралы айтар болсақ, бұл да көбімізге жақсы мәлім. Бізге қазір су пайдаланудың өнімділігін арттыру үшін қарапайым, түсінікті, шындыққа үйлесетін шаралар керек. Қолда бар су ресурстарын үнемді пайдалану мәселесі өзекті болып тұр. Әзірше біз су ресурстарын өте-мөте рәсуа етіп пайдаланамыз. Біз суды рәсуа ету бойынша өңірде «көш бастап» тұрмыз. Тіпті әлем бойынша да осындай деңгейдеміз деп айта аламын», - деді Президент кеңесшісі.