Кархан: Мал шаруашылығы
20 ақп. 2024
Мал шаруашылығы қазақтар тұрмысының негізі, көшпелі халық тұрмысының ең маңызды саласы болды. Жайылымдық мал шаруашылығының дамуына кең жайылымдық жерлердің болуы ықпал етті (ХІХ ғасырдың соңында 182 млн. га жерді табиғи жайылымдар алып жатты). Олар негізінен қой, жылқы, түйе, ірі қара мал өсірді. Бұл фотосуреттерде ауыл тұрғындарының үлкен шаруашылығы көрсетілген.