Қателесуге құқығы жоқ ақ халатты абзал жандар
04 қыр. 2023
Ұлттық нейрохирургия орталығы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ емханасын» ашу жөніндегі тапсырмасымен 2008 жылы Астанада құрылды. Бүгінде ол - нейрохирургия саласындағы медициналық инновациялардың көшбасшысы, сондай-ақ үздік ғылыми және клиникалық орталық атанып отыр. Жыл сайын орталықта жүйке жүйесінің патологиясының аса ауыр түріне шалдыққан науқастарға 3000-нан астам ота жасалады. Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. 10 жыл ішінде Орталықта 37 мың науқас емделген, 20 мыңнан астам ота жасалған, жаңа 66 нейрохирургиялық технология енгізілген.