Ақмола облысындағы Қызғылт көл кереметі
01 қыр. 2023
Көбейтұз көлі Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан ерекше көлдердің бірі. Көлдің түсі бірнеше жылдан бері қызғылт түске боялған. Бұл құбылыс тұзды суда тіршілік ететін дуанелла бактерияларының көбеюіне байланысты. Мұндай микробалдырлар Австралия, Испания, Канада көлдерінде өседі. «Көбейтұз» сөз мағынасы «көбею» және «тұз» деген сөздерден құралған.
«Көбейтұз» көлі елордадан 160 шақырым қашықтықта жатыр.