Аспан, ұшақ, фотоаппарат ұстаған қыз: Қазақстандағы споттинг құпиялары
01 қыр. 2023
Бәріміздің әуе кемесіне таңданыспен қарайтынымыз жасырын емес. Бала кезімізде әуедегі ұшақты көріп, «мені өзіңмен ала кет» деп мініп көруді армандайтын едік. Ал ұшу және қону сәттерін түсіріп алу қызық әрі ерекше әуестік. Мұндай суреттер бізден де ұзақ өмір сүреді. Бірнеше ай, жылдардан кейін суретке қарап өткенге ораласың, бойыңды сағыныш кернейді.