Токио-2020: 72 Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты
Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады. Токио-2020 бағдарламасына бес жаңа спорт түрі енді: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, құзға шығу және скейтбординг.
Ашылу салтанатына 205 елден 11 мыңнан астам спортшы қатысты. Ал Қазақстан Олимпиада құрамасының туын боксшы Қамшыбек Күнқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова көтермек. XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың жазында Жапонияда өтуі керек еді. 2020 жылдың 24 наурызында Халықаралық олимпиада комитеті Covid-19 пандемиясына байланысты жазғы Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылатынын жариялаған болатын. Бұған қарамастан, ойындар «2020» префиксін сақтайды.