Қазақстанда жолдар қалай салынады
Қазақстанда көптеген өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және салу қарқынды жүргізілуде. Қазір жалпы ұзындығы 767 шақырым болатын «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» дәлізінде жолдар белсенді түрде салынуда. Жөндеу жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізіліп жатыр, ал 2023 жылы толығымен аяқталады. Бес мыңнан астам жұмысшы тартылған. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында әлемдік деңгейдегі жол бойындағы сервистер ашылады, онда жүргізушілер өз көліктеріне жанармай құйып қана қоймай, фаст-фуд мейрамханасында тамақтана алады, минимаркеттен қажетті азық-түлік сатып ала алады. Сондай-ақ тегін жуынатын орын, жайлы дәретханалар, намазханалар бар. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, болашақта «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағыты ақылы болады.
Қазақстанда автомобиль жолдарында ақы алу 2013 жылдан бастап енгізілген. Бүгінгі таңда төрт ақылы учаске бар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай. Жалпы ұзындығы – 682 км.