#Астана
Қазақстан Республикасының астанасы.
1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.